Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция бастығының орынбасары қоластындағы қызметшіні ұрғаны үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовтің айтуынша, тәртіптік комиссия өткізіліп, Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Жақыпбаевты ішкі істер органдарының беделін түсіретін әрекет жасағаны және "ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің" нормаларын бұзғаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен шығару туралы шешім қабылданған.