ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын «Қазақстандықтар» ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Топтың 6 мүшесінің Алматы өңірі аумағында тіркелген қылмыстарға (қорқытып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бар.
Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерін тінту барысында 4 атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ қаңтарда тонауға қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, ПР дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді", - делінген хабарламада.
Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және Алматы бойынша ҰҚК департаментінің тергеу изоляторларына қамалған. ҚР ҚК-ның 287-бабы 3 және 4-бөліктері ("Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша қылмыстық істер қозғалған.
"Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар «көмбелерді» көрсетуге ойысты.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі "көмбе" анықталып, олардан 44 атыс қаруы және 3 суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрі алынды.
Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген ҰҚК хабарлмасында.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
897 рет оқылды