Алматыда қару-жарақ дүкенін тонап кеткендер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Бұл жолы Алматыдағы жоғары оқу орындарының екі студенті бөтеннің мүлкіне қол сұққан.
"Бұлар - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны. Олар - 20 жаста. 6 қаңтарға қараған түні қаскөйлер қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Сол жерден қару-жарақ, оқ-дәрі, арнайы техника және басқа да құрылғыларды ұрлаған. Күдіктілер кінәларын мойындап, қылмысты қалай жасағандарын айтып берді. Олар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тексеру жалғасып жатыр", - деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.