Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкендерін тонауға белсене қатысқан кәнігі қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол ұрланған қарулармен Геологтар көшесіндегі үйлердің бірінде қолға түсті.
Үйді тінту кезінде бір мылтық және екі тегіс ұңғылы мылтық, патрондар, оптикалық көздеуіштер табылып, тәркіленді.
Анықталғандай, 38 жастағы Т. есімді ер адам бұрын төрт рет, оның ішінде адам ұрлағаны үшін де сотталған болып шықты.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.
«Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, әрине, қандай да бір қылмыс жасауға жеке өзі қатыспаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», - деп мәлімдеді полицияда.