Алматы Полициясы департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қонақтарды қабылдаған түнгі стриптиз клубты анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Стриптиз-клуб Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесіндегі үйдің бірінің жертөлесінде орналасқан.
«Тәртіп сақшылары келген кезінде клубта ер адамдарға қызмет көрсететін 13 бойжеткен болған. Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеуге келгені анықталды. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», -деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.