Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының Экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Қайрат Тоқтасыновтың әлеуметтік желіде таралған балағат сөздерін қарайтын арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бөлім қызметкерлері басшыларының намысқа тиіп, балағат сөз айтатындығына шағымданған. Анонимді жазба Instagram желісінде пайда болды.
Алайда кейін аудиожазба өшіп қалған.
«Алматы тұрғын үй» ЖШС директорының бұйрығымен осы дерекке байланысты қызметтік тексеру басталды.
«Қызметтік тексеру барысында бөлім басшысы Қайрат Тоқтасыновтан түсініктеме алынды. Болған оқиғаның мән жайын анықтау үшін бөлім қызметкерлерінен сұрақ жауап алынып жатыр. Айта кетейік, олардың кейбіреуі ғана басшысының әрекетіне көңіл толмайды. Комиссияның алдын ала мәліметіне сәйкес бұндай құқық бұзушылық үшін қатаң сөгіс ретінде тәртіптік жаза қарастырылған»,- деді қалалық басқармадан.