Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының бастығы Сапар Нұрашев өзіне қатысты тергеу басталғаны туралы қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қозғаған, бірақ ол маған қатысты емес, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тексеру нәтижелері бойынша қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол аяқталуға жақын қалды деп ойлаймын. Бірақ мен бұл істе күдікті емеспін, ұсталған жоқпын, бұл іске еш қатысым жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді Сапар Нұрашев.
Ол журалистердің «өзін ұсталғаны туралы ақпарат таратқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті немесе сол адамды сотқа бересіз бе», деген сауалға да жауап берді.
«Қазір заңгерлермен кеңесіп жатырмын. Әрине, ондай шешім болады. Менің тарапымнан қандай да бір реакция болатыны анық», - дейді ол.
Бұған дейін, Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының бастығы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.