12 там, 2020 сағат 10:03

Алматыда екі жылда 4 судья сотталды

Алматыда екі жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 4 судья сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

«2019-2020 жылдары біздің департамент Алматы судьяларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған төрт фактіні анықтады. Өздеріңіз білесіздер, судьялардың ерекше иммунитеті бар. Наурызбай, Бостандық, Медеу аудандарының судьялары мен Бостандық аудандық азаматтық істер жөніндегі сот төрағасы қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.

Сонымен қатар, ол 4 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, кінәлі судьялар нақты мерзімге сотталғанын атап өтті.