03 ақп, 2022 сағат 15:11

Алматыда дүкен тонағандар видеоға түсіп қалды


Алматыда түнде дүкен тонағандар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүкен Панфилов пен Мәметова көшелерінің қиылысында орналасқан. Оны тонағандар бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бейнежазбадан екі жігіттің алдымен есікті жұлқылап, кейін әйнегін сындырып, ішке кіргенін көруге болады.


«Ұрлық орын алғаны туралы қоңырау келіп түсті. Алмалы аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанып, алғашқы материалдар жиналды, оқиға орны жіті тексеріліп, зерттелді. Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілерді ұстау – уақыт еншісінде»,- дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.