13 қаң, 2022 сағат 19:57

Алматыда дүкен тонағандар Атырауда ұсталды


Атырауда Алматыдағы дүкенді тонаған 3 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 12 қаңтарда «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген.

«Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали.