Фото:elements.envato.com
Алматыдағы ауруханалардың бірінде дәрігер 19 жастағы санитарды соққыға жықты деген ақпарат тарады. Алайда медициналық мекеме бұл деректі жоққа шығарып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Әлеуметтік желіде №7 қалалық клиникалық ауруханада қабылдау бөлімінің меңгерушісі 2003 жылғы санитарды ұрды деген ақпарат тарады.
"Қатты соқты. Жедел жәрдем бөлмесінде сабады. Санитар тіпті қорғанбады, себебі ол жетекшіден қорқатын", - деді аурухана қызметкерлері Instagram желісіндегі Talgarnews-паблигінде.
Сондай-ақ, қызметкерлер басшының күш қолданып, қызметкерлерге жүйелі түрде психологиялық қысым көрсетуі бірінші рет емес екенін айтқан.
"Ол психологиялық қысым көрсетеді, айғайлайды. Біз науқастармен жұмыс істейміз, жұмысымыз оңай емес. Ең лас жұмысты санитарлар жасайды, олар да шыдап жүреді. Сонымен қатар, барлық басқа аурухана сыйақы алғанда, біз сыртта қаламыз. Өткен мерекелердің бәрінде сыйақы алмадық, жағдайымызды министрлікке жеткізуге көмектесіңіздерші", - дейді аурухана қызметкерлері.
Медициналық мекеме басшылығы бұл жағдайдан хабардар екенін айтты. Мән-жайды анықтау үшін бөлімнің медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізілген.
"Емделушілерді қолдау және ішкі аудит қызметіне қабылдау бөлімінің қызметкерлері арасында жанжал туындағаны туралы ақпарат келіп түсті. Мән-жайды анықтау үшін бөлім бастығының күш қолдануы салдарынан зардап шекті деген санитар, бөлім басшысы, медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізілді.
Шабуыл дерегі расталмады, оны іс жүзінде көрген куәгерлердің болмауына байланысты және санитардың өзі бұл мәселе бойынша емхана басшылығына жүгінген жоқ", - деді аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.
Аурухананың ішкі аудит қызметіне күндізгі уақытта қабылдау бөліміндегі жұмыс процесі мен мән-жайды қадағалау тапсырылды.
"Іс сарапталды. Биыл 22 тамызында қабылдау бөлімінің барлық қызметкерінің қатысуымен кадрлық кеңес өткізу жоспарланған. Барлық мән-жайды анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады", - деп қосты аурухана өкілдері.