Фото: Тұрар Қазанғапов
Алматыда емдеу мекемелерінің бірінің дәрігері 11 жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді. Ақпаратты "НеМолчиKz" қоғамдық қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қоғам белсендіcінің айтуынша, зардап шеккен бала туысымен бірге дәрігерге келген.
"Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінген. Балаға хирургиялық көмек қажет. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт", - деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі.
Полицейлер мұндай факт шынымен де тіркелгенін растады. Іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Тергеу амалдарын Медеу ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.
"Тергеу барысында қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, істің шынайы мән-жайы анықталады. Баға беріліп, факт расталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қабылданады", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.