10 қыр, 2020 сағат 17:42

Алматыда дәмханада ұрыс шығып, қыздар пышақтасты

Алматыда дәмханада жанжал шығып, қыздардың бірі екіншісін пышақтаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алдымен ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жәбірленуші қыздың атынан айтылған оқиға Instagram-дағы пабликтердің бірінде жарияланды. 

«Менің атым Бота. Қазір ауруханада пышақ жарақатымен жатырмын. 4 қыркүйекте жақын құрбыларым көп уақыттан бері дәмханаға жиналдық. Біраздан соң құрбым екеуміз сыртқа шықтық. Сол кезде 31 жастағы Айгерім Бақытжанқызын көрдік (лақап аты Айка-Мажор). Бір уақытта біз отырған кабинаға Айка Мажор келіп әңгімеге тартып, дауласа бастады. Мазамды алмауын сұрадым. Бірнеше секундтан соң арқамнан бірнеше рет пышақ салды. Қан ағып, құлап түстім», - делінген жазбада. 

Белгілі болғандай, күдікті оқиға орнынан тайып тұрған, ал жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қылмыс Медеу ауданындағы дәмханалардың бірінде болған. 

«Күдікті ұсталды. Ұрыс кезінде 2 рет пышақ салған. Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде келтірілген жарақаттың ауырлығы анықталып, құқықтық баға беріледі», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.