Алматыда кафелердің біріне белгісіз біреулер қорғанысқа арналған газ баллонымен шабуыл жасады. Бұзақыларды полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы ақпарат Instagram-да пайда болды. Оқиға Абай даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында орналасқан кафеде болған.
«Біз жаттығудан кейін балалармен бірге дәмханаға кірдік. Арада 20 минут өткен соң кафеге қолында пышағы бар мас ер адам жүгіріп кіріп, айғайлай бастады. Кафе қызметкерлері оны сабырға шақырды. Кейін оның артынан тағы 5-6 адамның қуып келе жатқанын көрген қызметкерлер кафенің есігін ішінен кілтеп алды. Ал бұзақылар есіктің арғы жағынан «газ құтысын» қолданды. Ішіндегі адамдар жөтеле бастады. Менің балаларым өздерін жәйсіз сізіне бастады»,– деп жазды автор.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт қазіргі уақытта өндірісте екенін мәлім етті.
«102» нөміріне қоңырау түсе салысымен полиция экипажы бірден оқиға орнына аттанды. Бұзақылар ұсталды. Оларға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар сотқа жіберіледі», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.