Коллаж: Stan.kz
Алматы қаласының Орталық мешітінің ұстазы Баубек Бектұрғановтың әйелін ұрып-соққаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
TikTok желісінде белгісіз әйел өз қызының Баубек Бердіғалиұлынан қорлық көргенін айтып, жариялады. Оның айтуынша, қызы төрт жыл бұрын Баубек Бектұрғановқа тұрмысқа шыққан, бірақ соңғы екі жылда күйеуі себепсізден-себепсіз ұрып-соғып, бала-шағасына да қол көтерген.
Алматы Орталық мешіті өіклдері Stan.kz ақпарат агенттігіне Баубек Бердіғалиұлы өз еркімен жұмыстан кеткенін, қазір ол мешітте қызмет етпейтінін айтқан. Имамдық қызметпен қатар, ол Instagram желісінде де белсенді болған.