Алматыдағы дәмханалардың бірінде жанжал шығарып,қасындағы қызға пышақ сұққан күдікті тағы қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаметі бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов желідегі парақшасында жазды.
"Айка-мажор ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ҚРҚК 293-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген айып тағылды. Бүгінгі күні объективті және жан-жақты тергеуге, сондай-ақ істің мән-жайын зерттеуге бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде", - деді Рустам Әбдірахманов.
Еске салайық, 2020 жылдың қыркүйегінде 1988 жылы туған Айгерім Бақытжанқызы (лақап аты Айка-Мажор) дәмханада жанжал шығарып, бір қызға пышақ салған болатын.