Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін оқ-дәрілер мен қару-жарақтар әлі де табылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғындары мен полиция қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді табуды жалғастыруда.
«Асқаров көшесінің бойынан жергілікті тұрғын екі жарықшулы граната тауып алды. Сайран көлінің маңынан газ-травматикалық тапанша табылды. Оқ-дәрілер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Осыдан соң гранаталар мен тапаншаның кімге тиесілі екені анықталатын болады», - деді полиция департаментінен.