08 ақп, 2022 сағат 17:31

Алматыда әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды


Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оның 158 патроны, танкіге қарсы қол гранатаатқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді.

Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.