Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.
"Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс "ізі суымай" ашылды. Күдікті "Ұстау" арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды", - деді Әбдірахманов.