Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясының негізін қалаушыны ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қаласының ПД тергеу басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру шарасы барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды.
Ол ҚРҚК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған компанияның салымшыларының түсірген ұжымдық арызына сәйкес, ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған болатынбыз.
Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.
Компания кеңселерінде санкцияланған тінту жүргізілді.
Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу кешені барысында мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.