Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар «Қалқаман» шағын ауданында табылып, тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Наурызбай аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жігіт Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінді.
Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 млн теңгеге бағалаған.
Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты.
Заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті қамауға алынды.