25 қаң, 2021 сағат 14:25

Алматыда 147 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазылған - прокуратура

Өткен жылы Алматыда ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысты 82 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның ішінде 3 ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткені анықталды. 

«Қолма-қол ақшаға 147 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазылды. Бюджетке төленбеген салық 29 млрд теңгеден асты. Сотқа 65 іс жолданып, 11 тұлға жазаланды. Салық органдары соттарға қолма-қол ақша компаниялары мен олардың контрагенттері арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 165 талап арыз енгізді. Олардың 62-сі бойынша 11 млрд теңгеге қанағаттанарлық шешімдер шығарылды», - деді қалалық прокуратурадан.