17 қар, 2021 сағат 14:21

Алматы тұрғыны әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді


Алматыда отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, отбасылық жанжал кезінде пышақ жарақатынан 34 жастағы әйел көз жұмған. 

«Кісі өлтірді деген күдікпен оның күйеуі із суытпай ұсталды. Қылмыс құралы болған пышақ дәлел ретінде алынды. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.