Алматыда қала тұрғындарын тұрмыс жағдайын жақсартуға көмектесемін деп алдап, 25 миллион теңгессін алып кеткен 44 жастағы әйел ұсталып, изоляторға қамалды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйел адамдардың сеніміне кіріп, оларға жер телімдерін, пәтерлерді және басқа да жылжымайтын мүлікті нарықтан төмен бағаға сатып алуды ұсынған. Ұтымды бағаны пайдаланып қалғысы келгендер де көп болған.