Алматыда ерлерге арналған киім дүкенін тонады деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бренд киімдер сататын дүкенді тонаған күдіктілерді Алмалы ауданының полиция қызметкерлері қолға түсірді.
Қазақстанның әр өңірінен келген 39, 37 және 33 жастағы үш тұрғын жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім дүкенін тонап кеткен.
«Сонымен қатар олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысқаны анықталды, олар үшін лайықты жаза тағайындалады.
Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдіктілер жалдамалы пәтерде ұсталған. Ер адамдар ұрланған киімдерді өлшемі мен маусымына қарай сұрыптап үлгерген», - делінген полиция мәліметінде.