Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Арнайы іс-шараны қалалық полицияның қатардағы бөлімдерінің күштері жүргізді.
«Біз түнгі жарыс әуесқойлары арасында ең танымал орындарды таңдадық және анықтадық, онда арнайы жергілікті рейд өткізуді ұйғардық. Сондай-ақ, тұрғындардың шағымын негізге алдық, қатты айдау арқылы әуесқойлар олардың тыныштығын бұзады. Осылайша, кеше кешкісін біздің ауданның аумағында нақты жүргізілген іс-шара жұмыстарының нәтижесінде 30-дан аса жол ережесін бұзған тұрғын анықталды», - деді Алматы ПД Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Оның айтуынша, тоғыз көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Полиция қалада гүрілдеуіштерге орнатылған резонаторлар, тікелей ағыны бар көліктердің жұмысына бақылауды күшейткенін еске салды.