Алматы облысында жоғалған бозбала өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қыркүйегінде «102» пультіне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көл жағасынан жас жігіттің жансыз денесін тапқаны туралы суық хабар жеткізді. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар – ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовқа тиесілі екенін анықтады. Ер адам балық аулау кезінде мәйітті тауып, дереу полицияға хабарлаған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Равиль ағымдағы жылдың 30 тамызында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары жүгінген. Іздеу жұмыстарын уәкілетті органдар мен еріктілер белсенді түрде жүргізген.