30 мау, 2021 сағат 15:54

Алматы облысында түрмеге есірткі лақтырған адам ұсталды


Бостандықта жазасын өтеп жүрген сотталушы колонияға есірткі лақтырып жатқан жерінен ұсталды, хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/14 мекемесінің қызметкерлері ер адамды ұстады. Тыйым салынған заттарды түрмеге өткізбек болған азамат бұрын сол мекемеде жазасын өтеген. Облыстық ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол бұрын Заречный кентіндегі орташа қауіпсіздік мекемесінде зорлық үшін жазасын өтеп шыққан. Ол қорғалатын аймаққа заңсыз еніп, скотчпен оралған екі ораманы тастауға тырысты. 

Түйіншектерде 3 граммға жуық шығу тегі белгісіз есірткі заттары, 2500 дана «Трамадол» дәрілері, 2 ұялы телефон және 53 SIM карта жасырынған. 

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізу фактісіне жол берілмей, ер адам ұсталды.

«Бұл жағдай жайлы өз түсініктемесінде ұсталған азамат Алматы облысындағы мекеменің аумағына тыйым салынған заттарды бірнеше рет жібергенін мойындады.

Аталған факті бойынша тәркіленген заттарды анықтау және одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды», - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.