Алматы облысында тәркіленген ойын автоматтары жойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ойын мекемесін заңсыз ашу немесе ұстау және ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген ойын автоматтары мен терминалдарды жойды. Аталған ойын автоматтары Алматы облысының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәркіленген.
Сот шешімімен заңды күшіне енген 5 үкім бойынша департамент Алматы облысында орналасқан ірі металл сынықтарын қабылдау пунктінің бірінде 15 ойын автоматын жойды.