26 мау, 2021 сағат 21:58

Алматы облысында полиция басшыларының бірінің көлігіне белгісіз біреулер оқ атты



Алматы-Өскемен тас жолында белгісіз біреулер полиция көлігіне оқ атты, оның ішінде Алматы облысының полиция департаменті бастығының орынбасары отырған. Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Оқыс оқиға 26 маусым сағат 12:20-да болған. Жол қозғалысы ережесінің бұзылуына байланысты жанжал туындайды, содан кейін полиция көлігіне оқ атылған.


"Алматы-Өскемен тас жолында, "Арқарлы" асуы маңында жолда туындаған жанжал кезінде көлік ішінде отырған белгісіз біреулер Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков отырған автокөлікке қарудан оқ атты, содан кейін оқиға орнынан кетіп қалған", - делінген хабарламада.

Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Қазіргі уақытта оқ атқандарды анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.