Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкен тонады деген күдікпен 3 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде «Молл Апорт» дүкенінен ұялы телефондар ұрлады деген күдікпен 3 ер адамды ұстады.
«Шұғыл-іздестіру шараларының барысында Алматы облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының полицейлері біздің өңірдің тумалары болып табылатын 21 жастағы 3 күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта 32 жастағы зардап шегуші 16 дана ұялы телефоны ұрланғанын мәлім етуде.
Ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды», - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.