Алматы облысында ақша бопсалаушы қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айының соңында департаментке Қапшағай қаласының 35 жастағы екі тұрғыны олардан ірі көлемде ақша бопсалағаны туралы арызданған. Күдіктілер біреуінен 400 000 теңге, екіншісінен 240 000 теңге алып, тағы 600 АҚШ долларын беру керектігін айтып, қорқытқан. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
«Қапшағай қаласының 35,34, 32 және 31 жастағы төрт тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті де қамауға алынды. Топтың ұйымдастырушысы бұрын да осы әрекеті үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған және 2003 жылы 3 жылға, ал 2008 жылы 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл қылмыстардың алдын-ала дайындалғандығы және кейінгі материалдық шағымдарды ұсыну үшін себептердің мақсатты түрде құрастырылғаны анықталды. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін айыпталушылар өздерінің қылмыстық әрекеттерін қарызды қайтару туралы әдеттегі талап деп түсіндірген», - деді Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.