25 ақп, 2022 сағат 13:58

Алматы облысы: Іле аудандық құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды


Алматы облысындағы Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы жемқорлық фактісімен ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын әшкереледі. Ол ЖШС директорынан оның нысаналы мақсатын коммерциялық объектіге өзгерту мақсатында үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаны үшін 3 000 000 теңге сомасында пара алған»,- делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 9 ақпанда Іле аудандық соты күдіктіге кепіл беру құқығымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.