Алматы облысы, Іле ауданы Байсерке ауылындағы демалыс орындарының бірінде кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі демалыс орнындағы атыс бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын айтты.
«Іс соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде «Екі және одан да көп адамға қатысты бір топ адамның алдын ала сөз байласып, бұзақылық ниетпен адам өлтіруге оқталуы» және «Атыс қаруын қолдана отырып жасалған бұзақылық» баптары бойынша тіркелген. 2021 жылы 9 сәуірде соталды тергеу аяқталды, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды.Өзге мәліметтер тергеу мүдделеріне қатысты жария етілмейді», - деп хабарлады полициядан.
Еске салайық, 31 қазан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы демалыс орнында атыс болды.
Жарақат алғандар ауруханаға түсіп, күдіктілер ұсталған болатын.