05 қар, 2020 сағат 18:13

Алматы маңындағы атыс: Күдіктілер ұсталды

Алматы облысының Байсерке ауылындағы демалыс орнында екі адамға оқ атқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ІІМ-нің криминалдық полиция департаменті мен Алматы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері күдіктілерді Алматы қаласы мен Алматы, Қостанай облыстарында қолға түсірді және қамауға алды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істің басқа мән-жайы тергеу мүддесі үшін айтылмайды», – деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Айта кетейік, 31 қазан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы демалыс орнында атыс болды.

Кейін дәрігерлер атыстан жарақат алғандардың жағдайы орташа ауыр екенін айтты.