06 қаз, 2020 сағат 21:47

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасында тергеу не үшін басталды?

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы прокуратура аталмыш ведомствода тергеуді не үшін бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«БАҚ-та «Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасында тексеру жүріп жатыр: қылмыстық іс қозғалды» деген жарияланымға қатысты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы келесіне хабарлайды: 

Сотқа дейінгі тергеу – жеткізушіге қатысты басталды. Оған негіз – талаптарға сай келмейтін жеке қорғаныс құралдары жеткізілді деген күдіктің болуы. Осыған байланысты, Алматы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы істі қарап жатыр. 

Жеке қорғаныс құралдарының жеткізілген партиясын тексеруді Қоғамдық денсаулық басқармасының және қалалық прокуратураның қызметкерлері бірлесіп жүргізгенін атап өткен жөн. Сапасыз тауарларды жеткізудің ықтимал фактілерін болдырмау үшін құқық қорғау органдарын тарту тәжірибесі болашақта да қолданылатын болады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасуда», - делінген Қоғамдық денсаулық басқармасының ресми аккаунтында.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, Қоғамдық денсаулық басқармасы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Құқық қорғау органдарының мекеме жұмысына және оның қызметкерлеріне қояр талабы жоқ.