27 қыр, 2021 сағат 15:45

Алматы ауруханасында жанжал шығарған ер адамның кім екені анықталды


Алматы қалалық Полиция департаменті жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінде жанжал шығарған мас адам туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қыркүйекте түнгі сағат 00:30-дар шамасында 1997 жылы туған азамат мас күйде қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының аумағында қоғамдық тәртіпті бұзып, бөтеннің мүлкіне зиян келтірді. 

«Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті ұсталды. Тергеу басталды», - деп хабарлады полициядан. 

Ш. есімді азаматтың құқық қорғау органының қызметкері емес және құқық қорғау жүйесіне қатысы жоқ екендігі анықталды. 

«Қазіргі уақытта ол еш жерде жұмыс істемейді, бұған дейін әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған»,- деп атап өтті қалалық полиция департаментінен.