22 қыр, 2020 сағат 14:18

Алимент төлеуден жалтарған елордалық Toyota Prado-сынан айырылды

Нұр-Сұлтан қаласының сот орындаушылары балаларына алимент төлейден жалтарып жүрген борышкердің Toyota Land Cruiser Prado көлігін алып қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2020 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser Prado көлігін алып қою куәгерлердің, Полиция департаменті қызметкерлерінің, сонымен қатар елорданың жеке сот орындаушысының қатысуымен өтті. Азамат А-ның баласы алындағы алимент қарызының жалпы сомасы 7 450 000 теңгені құрайды. Борышкер 2019 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген.

 

«Көлікті алып қойғанға дейін азамат А сот орындаушысына жұмыс орнынан 40 мың теңге жалақы алатындығы туралы анықтама ұсынған. Осы орайда 40мың теңге табыс тауып отырып 2020 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser Prado маркалы автомобильді қалай сатып алуға , бұған қоса өз баласына қалай алимент төлемеуге деген заңды сауал туындайды. Айта кетерлігі мұндай көліктің нарықтағы бағасы 28 млн теңгеден асып жығылады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Toyota Land Cruiser Prado көлігі арнаулы айып тұрағына қойылды. Осыдан кейін көлік құралына бағалау жүргізіліп, аукционға сатылымға шығарылады. 

«Осылайша, ең алдымен борышкер баласының алдындағы қарызын өтейтін болады», - деді ол.