02 мау, 2021 сағат 15:40

Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектерге 150 мыңнан астам қызмет көрсеткен


2021 жылы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жылдың басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 86 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6 мыңнан астам – ымдау тілі қызметін, 30 мыңнан астамы – жеке көмекшінің қызметін, 28 мыңға жуы ғы – санаторлық-курорттық емдеуді алды және 36 мың нан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтама ларға тапсырыс рәсімдеді. 

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. 

Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. 

Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше алып кету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

2021 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша 86 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6 мыңнан астам – ымдау тілі қызметін, 30 мыңнан астамы – жеке көмекші қызметін, 28 мыңға жуығы – саноторлық-курорттық ем алды.

Сондай-ақ, портал арқылы 36 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды ресімдеді.

Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 8,8 мың құжат проактивті түрде ресімделді.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 856 медициналық-әлеуметтік мекеме, ОТҚ 118 жеткізушісі, 13 мыңнан астам жеке көмекші қызметін, 248 ымдау тілін, 66 санаторлық-курорттық емдеуді, 133 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізуші тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде көзделген.

Call-орталықтан 1411 нөмірі арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.