Фото: backstreetboys.com
Әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы Алматыда өнер көрсетеді. Ресми ақпарат топтың сайтында пайда болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Топтың жеке концерті 19 қыркүйекте Алматы Орталық стадионында жоспарланған. Әзірше билеттердің қашан сатылымға түсетіні туралы ақпарат жоқ.
Backstreet Boys — әлемге танымал америкалық бой-бэнд. Топ 1993 жылы Флорида штатында құрылды. Құрамында бес әнші: AJ McLean, Howie Dorough, Nick Carter, Kevin Richardson және Brian Littrell бар. Олар 1990-жылдардың соңында және 2000-жылдардың басында ерекше танымал болды.
Бұған дейін Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне әлемнің 29 елінен көрермендер келетінін жазғанбыз.
