04 мам, 2021 сағат 10:40

Алексей Цой коронавирус ең көп тараған өңірлерді атады


Қазақстанның 9 өңірі коронавирус індетінің таралу қаупі жоғары «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрдің дерегінше, сырқаттану көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 107-орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 108-орында тұр. 

«Тәуекелі жоғары аймақта 9 өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр. Өткен аптада Павлодар мен Жамбыл облысы «қызыл» аймаққа өтті. Эпидемиологиялық тәуекел орташа аймақта Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғысту облыстары кіреді. Ал Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта», - деді Алексей Цой. 

Сонымен қатар ол 4 мамырдағы деректерге сәйкес, Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесімен 330 071, ал теріс нәтижесімен 52 093 науқас тіркелгендігін атап өтті.