27 қар, 2020 сағат 16:15

Алексей Цой бұрынғы министр Біртановты қолдаған ашық хатқа пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрынғы министр Елжан Біртановты қолдаған дәрігерлердің ашық хатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанның дәрігерлері бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қолдап, ашық хат жазды. Сіз де Елжан Амантайұлын қолдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды министрге. 

«Біздің әріптестер ең бірінші кезекте ниеттестік, екіншіден істің анық-қанығына жету қағидатына сүйенді. Тілектес, ниеттес екенін әріптестеріміз білдірді. Ары қарайғы істі қарау, оның мән-жайын анықтауды құқық қорғау органдары жүргізеді. Солардың шешімін күтеміз», - деді Алексей Цой.