23 жел, 2024 сағат 17:25

Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады


Фото: autonews.ru


Синоптиктер 24-26 желтоқсан күндері Қазақстанда ауа-райы қандай болатынын айтты. 24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыс пен шығыста циклон жүріп, қар жауады, деп хабарлайды Ult.kz.


Оңтүстік-батыста жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Тек елдің оңтүстігі ғана жауын-шашынсыз болмақ. Республика бойынша боран, тұман, жел, көктайғақ болады.


"Орталық өңірлерде түнде ауа температурасы суытады. Елдің шығысында 20-35 градус аяз болады. Басқа аймақтарда ауа-райында күрт өзгеріс болмайды", – делінген хабарламада.


Бұған дейін синоптиктер 2024-2025 жылдың қысына болжам жасаған болатын. Биыл жауын-шашын көп жылдық нормадан көп түседі деп отыр.