Алакөл ауданының Ақши ауылындағы кафелердің бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиға тамыздың 15-нен 16 қараған түні Алакөлде демалушылар көп келетін «Аура бар» деп аталатын жерде болған.
"Алакөл аудандық полиция бөлімі барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жергілікті полиция инспекторы мен жедел-тергеу тобын жіберді. Күзетшілер келгеннен кейін дәмхана қызметкерлері арыз жазып, деректі растады.
Қазіргі уақытта жанжалға қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы туралы кейінірек хабарланады. Төбелес кезінде куәгерлер мен жәбірленушілер полицияға хабар түсірмеген", - делінген департамент хабарламасында.