Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті нигериялық әлі халықаралық іздеуде жүр. Бұл туралы Бас прокуратураның халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазіргі уақытта Нигерия азаматы A.N.F. қатысты есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша қылмыстық іспен Алматы қаласы полиция департаменті айналысып жатыр. Күдіктінің халықаралық іздеуде болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды", - деді Қойгелдиев.
Бұған дейін Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқаны белгілі болған еді.