07 қыр, 2020 сағат 12:35

Ақтөбеліктің үйінен 44 дана киік мүйізі тәркіленді

 

Ақтөбеде Ырғыз ауданының тұрғынынан 44 дана күйік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облыстық ПД қызметкерлері жедел іс-шара барысында Ырғыз ауданы тұрғынының жеке үйін тінтіді.

«Жергілікті тұрғынның үйінен 44 дана ақбөкен мүйізі табылды. 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған факті бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - деді облыстықПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.