Ақтөбеде медбике COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың тізіміне 67 адамның мәліметтерін заңсыз енгізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, медбике Ақтөбедегі емханалардың бірінде жұмыс істейді.
"Ол ақпараттық жүйеге қол жеткізе алатын қызметтік жағдайын пайдаланып, COVID-19-ға қарсы екпе алғандар туралы мәліметке іс жүзінде екпе алмаған 67 адамның тізімін енгізген", - деді полиция.
Ұсталған азаматша әрбір жалған құжат үшін 15 000 теңгеден алғанын мойындады.
Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-бөлігі "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланктерді, мемлекеттік пошта белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау немесе өткізу" және 247-бабының 1, 2-бөлігі "Заңсыз сыйақы алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс сотқа жіберілді.