Ақтөбе қаласында шектеу шарасын елемегендер тағы да анықталды. Тексеру кезінде түнгі клубтардың бірінде адам саны 50-ден асып кеткені беллігі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе қаласы, Астана ауданының полициясы мен прокуратурасы бірлескен рейдке шықты. Тексеру кезінде түнгі клубтардың бірінде адам саны 50-ден асып кеткені белгілі болды.
«Мекеме иесіне қатысты материал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.
«Өңірде 900-ден астам шектеу шарасын бұзу дерегі тіркелген», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, соңғы тәулікте ешкімнен коронавирус инфекциясы анықталмады. Өңірде індетке шалдыққан 3252 адамның 98 пайызы жазылды. Қазір 44 адам үй карантинінде ем алып жатыр.