Ақтөбеде «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасына алданып қалғандар іспен танысып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істің тергеу жұмысын аяқтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында тұр.
«Жәбірленушілерді қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін шақырамыз. Іспен танысу 30 сәуірге дейінгі жалғасады. Ол үшін Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 271 «а» үйі, 416-кабинет мекенжайына хабарласуды сұраймыз. Байланыс телефоны: 936-416. Іс материалына сүйенсек, 2019 жылдың қараша айы мен 2020 жылдың ақпан айына кейін күдіктілер Ақтөбе, Атырау, Алматы жәнеАқтау қалаларының аумағында «Выгодный Депозит» ЖШС-нің қаржы пирамидасын ашып, тұрғындардың ақшасын заңсыз иемденген. Сонымен қатар бөліп төлеу арқылы автокөлік пен жылжымайтын мүлікті қабылдаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы, ІІІ-бөлігі 1,2-тармақтары, 262-бабының 1,2-бөліктері бойынша айып тағылды.