Ақтөбеде екі оқушыны қағып кетті. Екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірінші оқиға 26-қараша күні Алға қаласында тіркелді. Сағат 12:40-та «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі Есет батыр көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 жастағы жеткіншек Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ 27-қараша күні дәл осындай жағдай Қандыағаш қаласындағы Жамбыл көшесінде тіркелді. «Audi-80» автокөлігінің жүргізушісі Қандыағаш қаласындағы №5 орта мектептің жанында 2011 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз бала Қандыағаш де тірқаласының орталық ауруханасына жатқызылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.